«Берекелі шаңырақ » » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Берекелі шаңырақ »
09
қараша
2021

«Берекелі шаңырақ »

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тәрбиенің ең тамаша ортасы -Отбасы» «Берекелі шаңырақ » қоғамдық кеңесінің қатысуымен көпбалалы отбасы  аналарымен кездесу өтті.
Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Міндеті: Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.
Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын
біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Кездесу  мектептің әлеуметтік педагогы Г.Б.Оспанованың  ұйымдастыруымен өтті. Амандасу жаттығуымен басталған кездесу көпбалалы аналардың жүрегін жібітті.
«Ата - ана махаббаты, бала тәбиесіндегі ролі» баяндама  оқылған соң аналар сұратарына жауап алды. «Мен отбасыммен мақтанамын» бейнебаян көрсетіліп,ой  пікір айтылды.«Мен сізге сенемін, сіз ғажапсыз , өйткені...» жатығуы аналардың сенімділігі мен мақтаныш сезіміне ұштасты.Кездесудің қорытынды бөлімінде «Тілек ағашы » кері байланыс алынып,  ата - ана мен баланың өзара қарым - қатынасы жақсы, бір - бірін түсіне алатын, үлгі бола алатын отбасы бола білуіне түрткі болған кездесу екенін анықтағандай.