19
ақпан
2021
"Жүрегінде мейірім нұры ұялап "

"Жүрегінде мейірім нұры ұялап "
№22Жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 19-күні Тұңғыш Президент Н.Ə.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру :"Болашаққа бағдар"мақаласы негізінде жоспарланған
бағдарламасы"Туған жерге туыңды тік "дегендей "Тәуелсіздікке 30 жыл","30 жылда 30 игі іс" ,"Қазақстанның 100 жаңа есім"жобасы аясында "Жүрегінде мейірім нұры ұялап"
тақырыбында Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жарқын кездесу өткізілді."Қызмет қылсаң халқыңа ,игі іс қалар артыңда дегендей кеш қонағы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен "Қазақстандағы 100 жаңа есімге енген",Меркі аудандық полиция бөлімінің жол патрульдік полициясының қызметкері,полиция аға инспекторы, полиция аға лейтенанты,облыстық,
республикалық "Мерейлі отбасы"байқауының жеңімпазы,аудандық, облыстық "Парасатты отбасы "байқауының "Жомарт отбасы"номинациясының 1-орын иеленген,аудандық "Берекелі шаңырақ" қауымдастығының әкелер төрағасы, көпбалалы әке,үлгілі отбасы, отағасы Ғалым Арыстанбаев Қазбекұлын
оқушылар зор ілтипатпен қарсы алды .
Елімізде өз саласында жетістіктерге жетіп жүрген жандар аз емес ,осы орайда ел ықыласына бөленіп жүрген азаматтарды насихаттау болды.Өз кезегінде мектеп басшысы Е.Е.Сейдалиев пен Сарымолдаев ауылдық округ қызметкері Бейбіт мырзада сөз алып оқушылармен ой бөлісіп жатқанына еңбегіне шығармашылық табыс тілеп өтті.Оқушылар қатысушылар барлығы Ғалым бауырымыздың бақытты отбасы туралы бейнебаянды тамашалап,балаларының шығармашылық жұмыстарына да тәнті болды.Өз кезегінде Ғалым бауырымыз өз жетістіктерге қалай жеткенін , Елбасымен кездескен кездегі әсері мен бөлісті.
Кездесу барысында мектебіміздің ұланбасшысы Шөңкебай Айнұрдың орындауында "Тәуелсіздік "әні тартуланды.Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен ,қазақ халқының ақиық ақыны М Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойына орай бастауыш сынып білімалушылары өлең жырларын нақышына келтіре айтып, "Мәңгілік ел жастары" хорымен жарқын кездесу аяқталды.Кездесу өте əсерлі де қызықты болып өтті.Бұл кездесу оқушылардың жүрегінде мəңгі ұялап қалары сөзсіз.
Қорыта келе:Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында,елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады.Елі үшін,жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады.Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру бұл абзал іс болары анық.