Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №6 » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №6
13
қаңтар
2021

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №6

 № 22 жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңесінің   отырысы  16.11.2020ж
Хаттама №6
Қатысушылар: мектеп директоры, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға полиция мойоры , ата-аналар комитеті, Акетаев Аманжол Аликеримович –қамқоршылық кеңесінің төрағасы және қамқоршылық кеңесінің   мүшелері.
Күн тәртібінде:
1.Түрлі санаттағы оқушылардың “Жасыл шырша мерекесіне” тартылуы
2 . Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға полиция мойоры Тупеков Еркебұланның есебі
1.мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы түрлі санаттағы балалардың тізімін атап, “Жасыл шырша мерекесіне” тартылуы туралы ойын ортаға тастады.
2- ші мәселе бойынша Аудандық білім бөлімінің хатындағы кестеге сай 16- қараша 2020жылы   аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға полиция мойоры Тупеков Еркебұланның есебі тыңдалды.
Ол жасөспірімдердің арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Меркі аудандық Ішкі Істер бөлімімен тығыс байланыста болып, аға инспектормектеппен бірлесе іс-шаралар жоспары құрылып, біршама жумыстар атқарылғандығы туралы айтты.Жыл бойында оқушылармен және олардың ата - аналарымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 10 күн себепсіз сабақтан қалған оқушылар болған жоқ. 1 - 11 сынып жетекшілері мектеп оқушылардың  үйлеріне рейдтер жүргізіп,  олардың тұрмыстық жағдайларын анықтады.. Бірақ өткен оқу жылы АІІБ-ң есебіне оқушылар тіркелген жоқ. Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен Аудандық Ішкі Істер бөлімінің аға полиция майоры Тупеков Еркебұлан қыркүйек айында қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша 8-11 сынып оқушыларына дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізлгендігін тілге тиек етті. Мектепке келетін жолдың қауіпсіздігіне, Аудандық Ішкі Істер бөлімінің және аудандық білім бөлімінің келісімімен  жолға макеттер  орнатылды және жаяу жүру жолдары сызылды,  аумақтың жарықтандырылуы қамтамасыз етілді.  Қолданыстағы видеобақылау камераларының жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.. Құқық бұзушылықтың, қылмыстын алдын-алу және оқушылардың бос уақытысын тиімді пайдалану мақсатында мектепте үйірмелер, спорт секциялара ұйымдастырылды. Балалардың телефондар мен компьютерлерде  интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс – әрекетіне ата – аналардың бақылауын күшейту мәселерері бойынша ата – аналарға мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен ата – аналар жиналысы өткізілді.