Балалық шақты бірге қорғайық » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалық шақты бірге қорғайық
19
қараша
2020

Балалық шақты бірге қорғайық

№22 жалпы білім беретін метебінде  Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Бала құқығы- адам құқығы» атты өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес  «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында 7-8 сынып жетекшілерімен мектептің әлеуметтік  педагогы  Оспанова Гүльзия   Бақтыбайқызы диалог алаңын ұйымдастырды.
Диалог алаңында түрлі санаттағы білімалушылармен тренинг, ойын алаңы, әңгіме сабағын түрлендіріп өткізілді.
Мақсаты: баланың жан дүниесіне үңілу, проблемаларын анықтау.
Міндеті: Баланың отбасындағы тұлға ретінде қалыптасып дамуына әлеуметтік – педагогикалық және  психологиялық жағымсыз әсер етуін анықтау, зерттеу.
Осы мақсат, міндеттерді орындау барысында әлеуметтік педагог сынып жетекшілермен бірге түрлі санаттағы балалармен жеке жұмыс жүргізді. Балалар өз ойларын , мұң-мұқтаждарын қағазға жазу арқылы, сурет салу арқылы да жеткізді.
Нәтиже: балалар өмірді сүйетіндіктерін, отбасында бақытты екендерін, кейбірі қаражатқа бола қысылатынын көрсетумен қатар, балалық шақтарының қызықты сәттерін, қуанышты сезімдерін білдірді.