№ 22 орта мектебінде «Жақсылық жасауға асығайық» атты акция аясында іс-шара өткізілді!
№ 22 орта мектебінде «Жақсылық жасауға асығайық» атты акция аясында іс-шара өткізілді!
№ 22 орта мектебінде ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша «Мектепке тағзым» акциясы аясында 27 қараша күні «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогы Г.Б Оспанованың басшылығымен камқорлық акциясы өткізілді. Акцияға барлық мектеп бітіруші түлектерді тартуда елеулі жұмыстар атқарылды. Мектепте үлкен концерт ұйымдастырылды. Білім алушылар және мектеп мұғалімдерінен құралған өнерпаздармен қойылған концерттік бағдарламада: «Есіңде ме сол бір кез», «Сенің сүйікті ұстазыңның ыстық ықыласы» атты бөлімдер жүрек тебірентіп,мектеп бітірген түлектеріміздің шын ықыласына бөленді. Мектеп түлектерінің мектебіне деген сағынышы тебіреніспен айтылған тілектері мен өлең шумақтарынан байқалды. Мектеп түлектері - Шайдазым Алтынай,Жоран Айдана- Алматы қаласында ағылшын тілінен аудармашы, Демесін Майра –Луговой ауданында 1 мектептің биология пәнінің мұғалімі, Медралы Азат- Алматы қаласында әскери қызметкер.
Мектепті тәмәмдәп кеткен бұл түлектеріміз білім алушылармен бірге «Ұстазым » әнін бірге шырқап, балалық шақтарының сәттерін , күлкімен қызықты әңгімелерімен еске алды. Мектеп білім алушыларына мектептегі өмірлерінің ең қызықты сәт екенін, білім алу үшін қажырлы еңбек керек екенін айтты. Оқушыларды өз елін сүйіп қастерлейтін, елжанды , білімді, ақылды болуға шақырды. Концерт аяқталған соң мектеп бітірген түлектер өнер көрсеткен түлектерге сыйлықтарын таратты .Оқшау кабинетке барып, (білім алушылардың намыстанып қалмауы үшін) әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға, жетім, жартылай жетім , көпбалалы отбасының балаларына мектеп оқушыларына арналған оқу құралдарын, мектеп формасын сыйға тартты. Сонымен қатар, шара мектеп асханасында «Тәтті құмарлар» ойынымен жалғастырылып, сұрақтарға жауап берген білім алушыларға тәтті тоқаштарын таратты. Көпбалалы отбасындағы балаларға торттар сыйлады. Мектептің әлеуметтік педагогы ұйымдастырған «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында өткізген акциясы білім алушылар үшін де, ұстаздар үшін де мектеп тарихында қалатын көңілді де мейірімділік іс- шарасы болатыны сөзсіз. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»- демекші, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, қолдан келген жәрдемін ұсынып, жылы пейілдерін танытуға келген осыдан 7 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерімізге мектеп әкімшілігінің ризашылығы шексіз болды.