№22 орта мектебінде 2-қыркүйек «Білім күніне» арналған дәстүрлі салтанатты лездеме өткізілді! » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №22 орта мектебінде 2-қыркүйек «Білім күніне» арналған дәстүрлі салтанатты лездеме өткізілді!
02
қыркүйек
2017

№22 орта мектебінде 2-қыркүйек «Білім күніне» арналған дәстүрлі салтанатты лездеме өткізілді!

№ 22 орта мектебінде 2 қыркүйек күні «Білім күніне» арналған салтанатты лездеме өткізілді.Сағат 900-де басталған салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, шақырылған қонақтар, 34 мұғалім, 189 оқушы, жалпы 230 адам қатысты. Ортаға 1-сыныпқа қабылданған оқушылар мен сынып жетекшілері С.Жүндібаева және Ж.Айтқазиева бірге салтанатты түрде шығарылып, лездеме Қазақстан Республикасының Гимнінің орындалуымен басталды. Сондай-ақ, мектеп басшысы Сейдалиев Ербол Есеналыұлы ұлағатты ұстаздар мен оқушыларды биылғы оқу жылының басталуымен құттықтап, өткен оқу жылында ерекшеленіп, көзге түскен дарынды және озат оқушыларды, мектепішілік, аудандық, республикалық дәрежеде білім ордамыздың биіктен көрінуіне атсалысқан көшбасшы ұстаздарға және бала тәрбиесі үшін ерекше еңбек еткен белсенді ата-аналарға алғысын айтты. Салтанатты жиынымыздың қонағы аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.Абенова мектеп ұстаздары мен оқушыларына жылы лебіздерін айтып, өздерінің жүрек жарды тілектерімен құттықтады. Салтанатты лездемеде мектебіміздің аудындық, республикалық әндер байқаулардың жеңімпазы Шөңкебай Айнұр мен Айдана әсем ән айтса, мерекеде ұстаздар, ата-аналар да жүректері лүпілдей соғып, оқушыларымыз алдағы кездесетін өмірдің үлкен сындарынан мүдірмей өтіп, қиындықтарды жеңе білетіндеріне сенім артып жүректен шыққан жылы тілектерін жеткізді. 2017-2018 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу рәсімі 1-сыныптың белсенді оқушылары Шамшідін Мұқағали мен Махан Нәзеркеге берілді. Оқу жылының басталуына арналған іс-шара жоғары дәрежеде, жарқын көңіл-күймен, қызықты да мазмұнды өтті. 2 қыркүйек күні салтанатты лездеме 1-11- сынып жетекшілері «Мен - өз Отанымның патриотымын» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізумен жалғасты.