15
желтоқсан
2020
«Менің болашақ өмірім» атты тренингі

№22 жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы Оспанова Гүльзия Бақтыбайқызы мектептің әлеуметтік жағдайы бойынша түрлі санаттағы балаларымен алдын –алу жұмыстарын жалғастыруда «Менің болашақ өмірім» атты тренингін өтті.
Мақсаты: балалардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру,бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.
Түрлі жаттығулар арқылы баланың жан дүниесіне үңіліп, оның қуана білуіне, ортада жақсы өмір сүре білуіне ықпал жасалды . Бірінші жаттығуда әркім өзіне ұнайтын қандай да бір мамандықты сөзсіз қимылмен көрсетіп, ал басқалар оны тауып жатса, «Менің болашақ үйім»жаттығуында балалар өзінің болашақ үйлерін салады және кіммен бірге тұратынын жазып, ойымен бөлісті.Әрине балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндетіміз екенін ұмытпағанымыз абзал.