«Бар мейірім- балаға» атты акция » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Бар мейірім- балаға» атты акция
18
сәуір
2019

«Бар мейірім- балаға» атты акция

№22 жалпы білім беретін мектебі
                   Меркі ауданы білім бөлімінің 2019 жылдық жоспарына сай №22 жалпы білім беретін мектебінде аз қамтылған көп балалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған  балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында  10-15 аралығында «Бар мейірім- балаға» атты акция  өткізілді.
Акцияның жоспары мұғалімдер және психолог, әлеуметтік жетекшілер бірігіп, әр баланың психологиясына, жас еркшелігіне сай жасалып, бекітілді.
10-сәуір күні 9-сыныптар арасында «Мейірімді жүрек » атты треннинг өткізілді. Оқушыларды  жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибесіне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қабілетін арттыру болды. Оқушылардың мейірімділік, достық, адамгершілік, әдептілік, кішіпейілділік, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық қарым-қатынасын дамытуға тәрбиелеу мақсатын көздеген шара бес бөлімнен тұрды.   
Алдымен шаттық шеңберінде оған қатысушылар "Амандасу” жаттығуын орындаса, «Мейірім шуағы» ойынында күннің сәулесінен тараған шуақтарды бір-біріне сыйлады. «Мен қандаймын» жаттығуында әр оқушы өздеріне берілген айна арқылы сұрақтарға жауаптар қайтарса, «Жан жүрек сыры» жаттығуын жасау барысында мейірімді сөздерге толы кішкентай жүректермен жансыз үлкен жүрекке жан берді. Психологиялық тренинг соңында оқушылар «Жылы жүрек» жаттығуын орындап, өз жүректерінен шыққан лебіздер арқылы бір-біріне жақсы тілектерін арнады.
 11 cәуір күні   «Тәтті тағамдар» жәрмеңкесі өткізілді.
Ұстаздар мектеп оқушыларына білім беріп қана қоймай сонымен қатар әділдікке, адамгершілікке, патриотизмге, сыйластыққа үйретеді. Мектептің мақсатының бірі – оқушыларды дұрыс тәрбиелеу, адамгершілікте етіп шығару және толық емес отбасына көмек көрсету. Сондықтан біз оқушылардың мектептен тыс та тәрбие алуына көңіл бөлеміз. Сол тәрбие әдістерінің бірі – қайырымдылық . Міне біздің  5-8 cынып оқушылар қайырымдылық  жәрмеңкесіне ұйымдасқан түрде қатысты. 5 – 8 cынып оқушылары әртүрлі тәттілер, бәліштер пісіріп атсалысты. Бұл тәттілер толық емес отбасының балаларына ұсынылды .  Оқушылар толық емес отбасының балаларына тәттілер «Осы тәтті тоқаштай , өмірің тәтті болсын» деген тілек айтып ұсынды. Бұл іс-шара ата- аналар мен мектепті тығыз байланыстырып, ешкім шет қалған жоқ. Біз осы жәрмеңкеге қатысушылара өз алғысымызды білдіреміз. Жәрмеңкені мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер дұрыс ұйымдастырған.
12- сәуір  күні  бастауыш сынып әдістемелік  бірлестіктің  ұйымдастыруымен «Бақыт  балалы  үйге  қонады» тақырыбында көп балалы отбасымен кездесу  ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуге Екпінді ауылының тұрғындары  «Күміс алқа» иегерлері  көп балалы аналар  Жундибаева  Салтанат  Ідірісқызы мен Рыскельдиева  Гүлжан  қонаққа шақырылды. Кездесуді бастауыш сынып мұғалімі  Сураубаева Эльза Амангелдіқызы жүргізді. Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы ана болу оңай емес. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген. Қазір көпбалалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар  екендігін айтып  өтті. Кездесуде әлеуметтік педагог Оспанова Гүльзия Бахтыбайқызы келген қонақтарға өз лебізін білдіріп өтті. Сөз кезегін күміс алқа иегерлері Жундибаева Салатанат пен Рыскельдиева Гүлжан «Ана атанып, ұрпақ тәрбиелеу менің міндетім болса да, мемлекет тарапынан "Күміс алқа ” тағынып, құрметке бөленіп отырғанымзға  ризамын. Балаларымыздың әрқайсысы елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдімін», – дейді күміс  құрсақты аналар. Әр отбасы – өзінше бір мемлекет. Келген қонақтар өздерінің өмірлері, отбасылары туралы оқушыларға қызықты оқиғалары айтып бөлісті. Кездесудің соңында келген қонақтарға  «Қазақ «баланы жастан» дегенді бекер айтпайтын шығар. «Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді». Сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсылап тәрбиелесек, соңғылары соларға еліктеп, еріп кетеді деп ойлаймын. Абайдың қара сөзінде: «Әділеттік пен мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та жақсылыққа жекізе алмайды. Мейірімге бөленіп өскен бала айналасына қамқор, бауырмал болады деп  кешті қорытындылады.