«Мектепке тағзым» атты акция аясындағы «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында өткізілген іс-шара » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектепке тағзым» атты акция аясындағы «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында өткізілген іс-шара
09
ақпан
2018

«Мектепке тағзым» атты акция аясындағы «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында өткізілген іс-шара

№ 22 жалпы білім беретін мектебінде  «Мектепке тағзым»   атты   акция аясындағы «Жақсылық жасауға  асығайық» тақырыбында өткізілген іс-шара        

                                               хабарламасы.    

№ 22 орта мектебінде  «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында  акциясы   мектептің әкімшілік басшылығмен өткізілді.Акцияға барлық мектеп бітіруші түлектер тартуда жұмыстар атқарылды.Мектепте үлкен концерт ұйымдастырылды. Білім алушылар және  мектеп мұғалімдерінен құралған өнерпаздармен  қойылған концерттік бағдарламада:  «Есіңде ме сол бір кез»,  «Сенің сүйікті ұстазыңның   ыстық ықыласы»  атты бөлімдердер   жүрек тебірентіп  мектеп бітірген түлектеріміздің  шын  ықыласына бөленді.Мектеп түлектерінің мектебіне деген сағынышын  тебіреніспен айтылған тілектері мен өлең шумақтарынан байқатты. Мектеп түлектері : Шайдазым Алтынай, Жоран Айдана- Алматы қаласында  ағылшын тілінен аудармашы, Демесін Майра –Луговой ауданында 1 мектептің биология пәнінің мұғалімі, Медралы Азат- Алматы қаласында әскери қызметкер.

Мектепті тәмәмдәп кеткен бұл түлектеріміз  білім алушылармен бірге  «Ұстазым »   әнін бірге шырқап, балалық шақтарының  сәттерін , күлкімен  қызықты әңгімелерімен еске алды. Мектеп білім алушыларына  мектептегі өмірлерінің ең қызықты сәт екенін, білім алу үшін қажырлы еңбек керек екенін  айтты. Оқушыларды өз елін сүйіп қастерлейтін, елжанды , білімді ақылды болуға шақырды. Концерт аяқталған соң мектеп бітірген түлектер өнер көрсеткен түлектерге сыйлықтарын таратты .  

  Оқшау кабинетке барып,  (білім алушылардың  намыстанып қалмауы үшін) әлеуметтік жағдай отбасындағы балаларға арналған  жетім, жартылай жетім , көпбалалы отбасының балаларына  арнап мектеп оқушыларына  арналған оқу құралдарын, мектеп формасын сыйға тартты.

 

Сонымен қатар мектеп асханасына  «Тәтті құмарлар»  ойынымен жалғастырып ,  сұрақтарға жауап берген  білім алушыларға тәтті тоқаштарын  таратты. Көпбалалы отбасындағы балаларға  торттар сыйлады.

  «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбында  өткізген акциясы  білім алушылар үшін де, ұстаздар үшін де  мектеп тарихында қалатын  көңілді де мейірімділік іс шарасы болатыны сөзсіз. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»- демекші қайырымдылық , адамгершілікті  биік ұстап, қолдан келген жәрдемін ұсынып, жылы пейілдерін танытуға келген осыдан  7 жыл бұрын мектеп бітірген түлектерімізге , мектеп әкімшілігі ризашылығын айтып шығарып салды.