09
желтоқсан
2020
« Қатыгездіксіз және зорлық –зомбылықсыз балалық шақ»

№ 22 жалпы білім беретін мектебінде 9-20 « Қатыгездіксіз және зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанының іс-шара жоспарына сәйкес ата-аналар қауымы үшін « Зорлық –зомбылықтың алдын –алу Отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» атты қоғамдық ұйымдарды тартумен онлайн семинар өтті
Семинардың мақсаты: Қазіргі кездегі балалар және үлкендердің де отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу. Ата-аналар арасында құқықтық сауаттылық туралы түсіндіру.
Міндеті: Қоғамда зорлық-зомбылықтың болмауына ықпалын тигізіп, балаларға, әйелдерге, қарттарға барлық адамдарға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру.
Семинарға мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы, қамқоршылық кеңес мүшелері, ата-аналар қатысты .Семинарды мектептің әлеуметтік педагогы, шығармашыл ұстаз Оспанова Гүлзия Бақтыбайқызы жүргізді.. Онда отбасы - шағын мемлекет , оның қоғамдағы алар орнына қарай айтылуы,осы бір ғибратты сөз босағаның берік, шаңырақтың биік болуын, халық санының көбейіп, қоғам байлығының еселеп артуына тигізер ықпалы бар болғандықтан да отбасын шағын мемлекетке теңегені ашып айтылды. Түрлі жағдайларға байланысты шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күндегі айқай шудан шаршаған әйелдердәң көбі ажырасуға мәжбүр болатындығы және тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін әйелдер мен жас балалар екендігі туралы слайд арқылы көрсетіліп, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырмау туралы ой ортаға тасталды