«Бақытты бала- бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел» » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бақытты бала- бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел»
26
қазан
2021

«Бақытты бала- бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел»

№22 жалпы білім беретін мектебінде Меркі ауданы білім бөлімінің Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты өткізілетін іс-шара аясында «Бақытты бала- бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел»  тақырыбында көп балалы  ата-аналар қоғамдастықтарымен кездеу өтті
Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы білім алушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту. 
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі екенін,  кездесуді ұйымдастырған мектептің әлеуметтік педагогы Г.Б Оспанова толықтай мақсатына қарай жылжи алды.  Кездесуде  мектеп директоры Е.Е Сейдалиев сөз алып: қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана екендігін жеткізді.ДТІЖО П.Е Батырбекова «Бақытты бала- бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел»баяндамасын оқып, сұрақтарға жауап берді. Ананың шыдамдылығы мен мейірімділігіне жетер асыл қасиет жоқ екеніне дәлелболған бейнебаян барлығымызға ой салды.Көңілді тренингпен басталып, аяқталған кездесу аналардың мерейін үстем еткені анық.
Әлеуметтік педагог: Г.Б Оспанова