"Бақытты бала-бақытты ана- бақытты отбасы-бақытты ел" » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бақытты бала-бақытты ана- бақытты отбасы-бақытты ел"
26
қазан
2021

"Бақытты бала-бақытты ана- бақытты отбасы-бақытты ел"

№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 26-қазан күні Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай "Бала құқығы-адам құқығы"
іс-шара аясында "Бақытты бала-бақытты ана- бақытты отбасы-бақытты  ел"  тақырыбында  1-4 бастауыш сынып білім алушыларының ата-аналарымен сынып жетекшілер онлайн  жиналысы өткізілді. Жиналыс  zoom  платформасы арқылы өткізілуі , әкімшілік тарапынан  жиналыстың уақытылы өтілуі ескертіліп, түсіндірілді.
 Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Бұл балалардың ой-өрісін қеңейтіп,  ойлау қабілеттерін дамытады,  өз пікірін айтуға,  тұжырым жасауға үйретіп,  патриоттық тәрбие береді. Сондықтан да әрбір бала өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Ата-аналарға  көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау,  соттау,  құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты екені түсіндірілді. Бірақ құқық әділеттілік,  теңдік,  ізгілік екендігін,  қоғамға негізделген тәртіп ережелері  екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: 
"Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы". Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған" Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: "Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар,  ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына,  өміріңе қамқорлық жасап,  қорғауға міндетті"  екендіктері туралы пікір алмасып, көптеген қазіргі пандемия кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтауы мен балалардың қауіпсіздігіне байланысты
әр -түрлі мәселерде талқыланып, бала құқықтарына  байланысты мазмұнды видео роликтер көрсетілді.
ДТІЖО П.Е.Батырбекова