"Бақытты бала-бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел" » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бақытты бала-бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел"
26
қазан
2021

"Бақытты бала-бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел"

N22 Жалпы орта білім беретін мектебінде 26-қазан күні 5-11сынып білім алушыларының ата- аналарымен "Бақытты бала-бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел" тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысын зум платформасы арқылы өткізілді. Жиналыстың уақтылы өтілуі туралы әкімшілік тарапынан ескертіліп,түсіндірілді. 
Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған "Бала құқығы-адам құқығы" атты іс- шара жоспары құрылып, жоспарға сәйкес іс шара өткізілді.Ата-аналарға отбасы құндылығын түсіндіре отырып, 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы N836 (IX) резолюция қабылдап, барлық елдерге 1956 жылдан бастап Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін атап өтуді және оны бүкіл әлемдегі балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған іс- шараларға арнауды ұсынды.Бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қараша. 1959жылы Бас Ассамблея Бала құқықтары туралы декларация қабылданды. Құжат 10 негізгі қағидаларды біріктіріп,"балаларға бақытты балалық шақ беруді" негізгі мақсат етіп жарияланғаны туралы айтылып, балалардың денсаулығына өміріне қамқорлық жасап,қорғауға міндетті екендіктері туралы өзара пікір алмасты .Сондай -ақ қазіргі пандемия кезіндегі сақтық ережелерін үнемі сақтап жүру керектігі де ескертіліп,балалардың қауіпсіздігіне байланысты түрлі жағдаяттарға байланысты түсіндіру жұмыстары қозғалып,бала құқықтарына байланысты видео роликтер көрсетілді.