30
наурыз
2023
"Жомарт түлек" жобасы аясында танымал түлектері Мамасерікова Шырынкүл Бөкейқызымен кездесу.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2023 жылдың сәуір айында "Жомарт түлек"жобасы аясында Танымал түлектермен кездесу мақсатында өткізіліп отырған «Өлеңімнің әр жолы-өмірбаян» атты жергілікті ақынмен жарқын жүздесу кеші жаратылыстану пәндер бірлестіктерінің атсалысумен өткізілді.
Жарқын кездесу кешінің қонағы ауданымыздың мақтанышы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі , халық ақыны,Меркі ауданының құрметті азаматы, "Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі", "Құрмет" ордені иегері,Қазақстан Республикасының ақыны бірнеше облыстық,республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлдегер атанған ,"Ерен еңбегі үшін "медалімен марапатталған,"Жыл құстары","Гәкку"',"Назерке",Нәзік нақыш",Арман гүлі,"Әулие бабам-Сыпатай","Фатима","Бақыт" "Шапағат нұры" атты кітаптардың авторы Мамасерікова Шырынкүл Бөкейқызын зор ілтипатпен қарсы алынып,кеш "Үкілі домбыра"уйірме шәкірттерінің кумбірлеген "Нәр ағашы "күйімен басталып, кездесудің алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлына беріліп,өз сөзінде "Жомарт түлек"жобасы"жобасы аясында ұйымдастырылып, кездесуге келген ақынға өз жүрек жарды тілегін білдіріп,өз алғысын айтты.Кеш барысында "Өлеңімнің әр жолы-өмірбаян" деп өзі жырлағандай Шырын апамыздың өмір жолымен танысу үшін бейнебаян көрсетіліп,балалардың қызығушылықтары арта түсті."Қаламнан қуатты қару жоқ","Әлемді билейтін -сөз,сөзді билейтін -ақын","Ақынын құрметтеген ел озады,ақынын сыйламаған ел тозады"дегендей,ақын өміріне қызығушылық танытқан білім алушылар 1)Неше жасыңызда өлеңді серік еттіңіз?,Жаңа өлеңіз қашан жазылды,Сізге осы ақындық қабілетіңізге не әсер етті? ақынға өз сұрақтарын қойып,қызықты да тартымды жауап алынып,ақынға деген құрмет қандай қасиетті екенін ұғынды.Бүгінгі өтіп жатқан іс-шарамыздың мақсаты- оқушыларымызды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып,кіші буын өкілдері киелі шаңырақта Сондай-ақ кездесу барысындағы"Поэзия"
бөлімінде ақын апамыздың өлеңдерімен сусындап жүрген алғыр оқушылар Төлеген Аружан,Ерсін Амина,Нуридин Ақмаржан ақын өлеңдерін "Ақындарға","Дос керек ","Мерейлі Меркі"өлең шумақтарын нақышына келтіре мәнерлеп оқып өтті.Кездесу кеші өте әсерлі аяқталды.

