23
қаңтар
2021
Марапатыңыз құтты болсын!

№ 22 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Оспанова Гүльзия Бақтыбайқызы Президент Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі » атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Көркем еңбек пәнінің үздік педагогі » атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанды.
Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Әріптесімізді марапатымен құттықтап, денсаулық, жемісті еңбек тілейміз.