Қамқорлық акциясы. Мейірімді жүрекпен » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқорлық акциясы. Мейірімді жүрекпен
15
қазан
2018

Қамқорлық акциясы. Мейірімді жүрекпен

 

                                           Мейірімді жүрекпен

      Назары әдемінің ой санасы әдемі келеді, ой санасы әдемі адам өмірдің рахатын көреді- дейді халық даналығы.Өмірде қайырымдылықты, мейірімділікті қажет ететін адамдар қаншама. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адал ақ жүректен шығады емес пе.Адал еңбек, ақ жүрек арлы ақылды адамдар біздің Меркі жерімізде де жетерлік

№22 жалпы білім білім беретін мектебінде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен, қайырымды жандардың қолдауында «Мейірімді жүрек» тақырыбымен қамқорлық акциясы өткізілді.Шараға қонақтар шақырылып, мерекенің жоғары деңгейде өтілуіне атсалысқан еді. Қонақтарымыз қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейтін ;Меркі ауданының жеке кәсіпкерлері, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың құрмет грамотасы,ҚР қайырымдылық жасаушыларының «Қайырымдылық керуені» атты ІІ форумына қатысқан, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы, ҚР еңбек және қорғау министрінің Дипломымен марапатталған  Жұматаев Әли Мырзабайұлы  мен Әубәкірова Әлия Нәметқазықызы, Меркі ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы – зерттеуші, ,  № 22 орта мектебінің соғылуына үлесін қоскан, «Меркі тарихы» және «Меркі – тарих төрінде» атты кітаптардың,300 – ге жуық публицистикалық ғылыми мақалалардың авторы Жамбабаев Бектұрған Шайдуұлы,Меркі ауданы Екпінді ауылының құрметті азаматы, , ҚР Президенті Н.Назарбаевтың құрмет грамотасы, Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасы», І, ІІ, ІІІ – дәрежелі «Еңбек даңқы» белгілерінің иегері, № 22 орта мектебінің соғылуына үлесін қоскан, «Жылы бұлақ» АҚ қоғамының президенті Әкетаев Аманжол Әсілкерімұлы,«Дияр» шаруа қожалығының төрағасы, аудандық мәсілихаттың Құрмет грамотасымен, жасаған қайырымдылық істері үшін аудан әкімінің алғыс грамотасы, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қоскан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған, «Мал шаруашылығындағы үздік кәсіпкер» атағының иегері  Қалмаханбетов Жантұрсын ,жеке кәсіпкер Ерғалиұлы Бауыржан  және анасы Бибігүл апай, «Меркі тынысы» аудандық газетінің  бас редакторы Исаева Атыркүл Тажібекқызы ,№22 орта мектебінің ата –аналар комитетінің төрайымы Мырзахметова Нүрилә, Сейсекүл , Серіккүл әжелер, Сарымолдаев ауылының  округінің әкімі Садықбеков Талғат,Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қасымова Мағрипа Джармаханбетқызы,деп айтар едік .Өйткені жоғарыда аты аталған адамдардың қоршаған ортаға қарым- қатынасы оның өзіндік көзқарасы, сенімі, дүниетанымы, әрекеті  басқа адамдарға қарағанда ерекше екені айтпай- ақ көрініп тұрады.Бұл мақтан етер азаматтарымыз тағы қайырымдылық жасауға Екпінді ауылында орналасқан №22 орта мектебіне асықты. Өйткені Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған қамқоршылық акция аясында «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концертіне шақыру қағазын алып еді.Концертте балалар ән айтып, би өнерін, қайырымдылық тақырыбында көрініс көрсетті. Келген қонақтармен қызықты ойындар ойнап, көңіл көтеруге тырысты. Сондай-ақ   оқушылардың қолдан жасалған бұйымдары  аукционға қойылып сатылды. Оқушылар өз еңбектерінің сапасының қаншалықты екенін қонақтар берген баға арқылы көріп қызықтады.Әсіресе моншақпен тоқылған қол сандықшалары, үлкен сәнді құмыралар, ағаштан жасалған асхана бұйымдары, ұлттық сәндік қолөнерлер бұйымдарын көргенде балалардың үлкен сүйіспеншілікпен еңбектенгені байқалады.Бесінші сынып оқушысы Кенжеғұлова Данагүл өзінің қолсандығын бір ай бойы жасады. Біз қандай мақсатта еңбектеніп жатқанын сұрағанда ол:- мен ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек беріп, өз үлесімді қоссам деймін- деген еді.

      Қолөнер бұйымдарын жасауда мектепішілік «Мейірімді жүрекпен»аукционында ең жоғарғы ұпайды:3сынып о жетекшісі Шабикова Ақбілек, Сұраубаева Эльза жинап бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынды – 1сынып жетекшілері Айтқазиева Жанар және Жүндібаева Салтанат ие болды.Оқушылар арасында: 1-орынды 9сынып оқушылары: Джусупбекова Арайлым, Егізбаева Мерей иеленді.2-орынды 8-сынып оқушысы Алим Айғаным алса, 3-орынды 5-сынып оқушысы Кенжеғұлова Дана, Шамшидин Қырмызымен бөлісті.Кешті ұйымдастырған мектептің әлеуметтік педагогыГ.Б.Оспанова ,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  М.З.Чимбатчаева және оқушылармен ұстаздар өз қолөнер бұйымдарын сату арқылы әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсеткені үшін мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы алғысын айтып, мақтау қағаздарымен марапаттады.

              Біздің концертімізге келіп, оқушылар өнерін, қол еңбегін бағалап, жомарттық жасап жүрген жоғарыдағы азаматтар мен азаматшаларға дара және дана істеріңіздің игілігін көруді жазсын дейміз.

Мақаланың авторы: № 22 орта мектебінің әлеуметтік педагогы.Оспанова.Г.Б