"Жомарт түлек" жобасы аясында Танымал түлектермен кездесу мақсатында «Ата мұрасы-балаға мирас» атты кездесу кеші » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жомарт түлек" жобасы аясында Танымал түлектермен кездесу мақсатында «Ата мұрасы-балаға мирас» атты кездесу кеші
03
ақпан
2023

"Жомарт түлек" жобасы аясында Танымал түлектермен кездесу мақсатында «Ата мұрасы-балаға мирас» атты кездесу кеші









№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың ақпан айының 3-күні "Жомарт түлек" жобасы аясында Танымал түлектермен кездесу мақсатында «Ата мұрасы-балаға мирас» атты кездесу кеші болып өтті.
Кеш қонақтары: «Бессайыс» республикалық турнирінде Бүркіт бойынша I орын алған, «Саят»ұлттық спорт түрінен «Сонар-2020» республикалық турнирінің «Қаршыға» жарысы бойынша II орын алған, «Бүркітші» номинациясы бойынша «Үздік бүркітші» атаған алған, Құсбегілер арасында Республикалық Турнирда I орын алғаны үшін, Республикалық фестивалінде «Жамбы ату» II орын алған Жалғасұлы Серікболсын.
Құсбегілердің Республикалық турнирінде Қазақтың құсбегілік өнерін дамытып, ұрпаққа мұра етіп қалдыруда ерекше үлес қосқаны үшін, «Қансонар» құспен аң аңлау шеберлерінің Қазақстан Республикасы чемпионатындағы жеңіске деген жігері үшін, Құсбегіліктен жастар арасындағы IX-чемпионатында ителгіден I орын алған Жалғасұлы Берікболсын.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзетуіне ұйытқы болу. Алғысөзді мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы бастап, қонақтарымызға алғысын білдіріп, оқушыларға үлгі аларлық тұлғаны таныстыра өтті. Манат Әбдірешованың жетекшілігімен «Үкілі домбыра» үйірмесінің домбырашыларының орындауында «Нәр ағашы» күйімен кездесу кеші шымылдығы ашылды. Кездесу барысында Саятшы адам жорыққа жаны құмар
Түлкісі, қырғауылы, балығы бар.
Аралап тау мен тасты, өзен-көлді,
Ыстықта тұнығына шомылып ал.
Таза ауа сезіміңді тыңайтады,
Сүйесің табиғатты құла тағы
Таңдай қағып, оқысам таңданамын,
Сұлу тұлпар, мылтығы, құмай тазы!
Кең дала керемет қой ұнаған да,
Жомарт қой, барын берер, сірә, адамға Тақырыпқа ұлы Абай қалам тартқан,Қансонарда бүркітші шығады аңға!демекші оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтары қойылып, жауаптарын алды. Әсем ән айтылып, қонақтар назарына"Мен қазақпын» биін тарту етті. Кеш ұйымдастырушылар: ДТІЖО Батырбекова Перуза Елубайқызы және денешынықтыру мұғалімдері сонымен қатар мектебіміздің жас мамандары. Кездесу соңында мектеп алаңында келген қонақтар оқушыларға өздерінің өнерлерін тәжірибе жүзінде көрсетіп өткені тамаша болды.