19
сентябрь
2019
Отбасының қоғам алдындағы маңызыдылығы мен рөлі
Елімізде сентябрьтің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленгені баршамызға белгілі. Осы мереке аясында №22ЖББ мектебінде 3-4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді және отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала екендігі айтылды. Сонымен қатар баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Әр отбасы-жеке мемлекет. Отан-отбасынан басталады. Міне, осы мәселелерді қамтыған бейнероликтер көрсетілді, пікірлер алмасты.