Қазақ тілінің жаңа көкжиегі- латын әліпбиі.
Қазақ тілінің жаңа көкжиегі- латын әліпбиі.
Оспанова Гүльзия
№22 орта мектебінің
әлеуметтік педагогы
Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіріп, латын жазуына көшудің нақтыжолдарын белгілеп,тиісті шараларды қолға алу керек екенін жеткізді .Қазіргі таңда мемлекет тарапынан нақты шаралар жасалып жатыр.
Мен педагог ретінде латын әліпбиіне көшуді әлемдік өркениетке жетудің басты жолы деп түсінемін. Себебі латын қарпі адамзаттың дамуындағы ең мықты жазудың бірі.Тіл білімінің негізін қалаған ғылым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай : «Хороший әліпби тілге шақ болу керек.Артық әріптері көп әліпби қолайсыз болады»деген.
Үлкен буын аталарымыз бен әжелеріміз осы әліпбиде сауат ашқан еді.Олар кирилл жазуын оңай игеріп алды. Ал қазіргі жас ұрпақтың заманы ғаламтор жүйесі мен бұқаралық ақпарат дәуірі қарыштап дамып тұрған заманда латын әліпбиін игере алмаймыз деп айту ойға сыймайтын дүние деп ойлаймын. Заман талабына сай-бәсекеге қабілеттілік ,ұлттық бірегейлік,білім саласындағы жаңа мазмұнды білім,эволюциалық даму және сана ашықтығы,латын жазуының реформасы -тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттеріміздің қайта түлеуі.
Ұлттық саясатымыздың басты мақсаты, мемлекетіміздің қоғам алдына қойған негізгі талабы-рухани тазару, рухани жаңғыру, рухани кемелдену. Ендеше әрбір азамат елімізде болып жатқан жаңалыққа көкірек көзін аша отырып саналы оймен, парасаттылықпен алға басуы керек. Мен мерейлі Меркімнің тұрғындарының табиғаты мен ауасы сияқты жан тазалығына сенемін.