Попечительский советінің хаттамасы №2 » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » » Попечительский советінің хаттамасы №2
19
октябрь
2018

Попечительский советінің хаттамасы №2

Попечительский советінің отырысы

№ 2 Хаттамасы

Қатысушылар: мектеп директоры, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға полиция мойоры , ата-аналар комитеті, және қамқоршылық кеңесінің қатысқан мүшелері:

1)Құтпанова Назым Болатхановна –қамқоршылық кеңесінің төрайымы

2)Усенова Жұлдызхан Пайызовна – қамқоршылық кеңесінің орынбасары,

3)Алимжанова Жұлдыз Қалмахамбетовна –кеңес мүшесі.

4)Исакова Жадыра Қайратбекқызы – кеңес мүшесі.

5)Джиянбаева Қалдыкүл Тұрсынбековна- кеңес мүшесі.

6)Рыскелдиева Гүлжан Сағымбаевна – кеңес мүшесі.

7)Садыбекова МаяТұрғыновна - кеңес мүшесі

8)Әкетаева Назира Амановна- кеңес мүшесі

9)Оспанова Гүлзия Бахтыбаевна-хатшы

Күн тәртібінде:

1.№ 22 Жалпы білім беретін мектебінің директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлының қамқоршылық кеңесі алдында 2017-2018 оқу жылындағы оқу тәрбие жұмыстарының жүргізілуі туралы есебі

2.Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға полиция мойоры Тупеков Еркебұланның есебі

4. Тыңдалды: 1-мәселе бойынша № 22 Жалпы білім беретін мектебінің директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлының қамқоршылық кеңесі алдында 2017-2018 оқу жылындағы оқу тәрбиежұмыстарының жүргізілуі туралыесебі.Ол: ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 апрельдегі №327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; ҚР Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 15 июльдегі №453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлар; ҚР Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 8 апрельдегі №266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретінпәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары; «Оқулықтардың, оқу- әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішіндеэлектрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27сентябрьтегі №400 бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 апрельдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүргізілгендігі туралы,Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі – жалпыға бірдей міндетті тегін орта білімді жүзеге асыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда 2017-2018 оқу жылында мектепте 193 оқушы, (100%) ана тілінде білім алып шықты. Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтудың маңызды шарттарының бірі – мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету екені ескеріле отырып, мектепте 191 оқушы (99,4%) 1 мезгіл ақылы ыстық тамақпен қамтылды.2017 -2018оқу жылында «Озық тәжірибе» шығармашылық тобының жұмысы өз деңгейінде жұмыс атқарды. Шығармашыл мұғалімдертүрлі сайыстарға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында "Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлікАдамның адамдығын ең бірінші көрсететін ол –рухани - адамгершілік болып табылады. Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани - адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру мақсатында мектеп өмірінде елеулі іс - шаралар атқарылды. Осы бағытта жыл сайын август,сентябрь және январь айларында «Қамқоршылық», «Мектепке жол» акциялары өткізіледі. Осы оқу жылында да акциялар барысында өткізілген рейдтердің қорытындысы бойынша мектепте азқамсыздырылған жоқ, көпбалалы отбасыларынан шыққан 52 оқушы, жартылай жетім 11 оқушы, тұл жетім 1 бала . Жыл бойы қамқоршылық акцияларының қорытындысы бойынша жалпы мектеп бойынша 64 балаға567000 теңгеге көмек көрсетілді.Қорыта келе, №22 жалпы білім беретін мектебі 2017-2018 оқу жылында алдына қойған мақсат, міндеттерді толықтай орындау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді. Мектептегі оқу үрдісі толықтай жалпыға міндетті білім стандартына негізделе отырып ұйымдастырылды. Оқушылар, пән мұғалімдері жыл бойы аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға, интернет олимпиадаларға, интеллектуалдық марафондарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Білім сапасының көрсеткіштері, педагогтардың біліктілік деңгейлері, интернетпен қамтылу үлесі және т.б. бекітілген нысаналы индикаторлардың орындалу деңгейі қанағаттанарлық деңгейде. Жыл бойы, мектеп әкімшілігі тарапынан мектепішілік бақылау жұмыстары жүйелі жүргізілгендігі туралы айтты.

 2-мәселе бойыншаАудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға

полиция мойоры Тупеков Еркебұланның есебі тыңдалды.Ол жасөспірімдердің арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Меркі аудандық Ішкі Істер бөлімімен тығыс байланыста болып, аға инспектормектеппен бірлесе іс-шаралар жоспары құрылып, біршама жумыстар атқарылғандығы туралы айтты.Жыл бойында оқушылармен және олардың ата - аналарымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 10 күн себепсіз сабақтан қалған оқушылар болған жоқ. 1 - 11 сынып жетекшілері мектеп оқушылардың үйлеріне рейдтер жүргізіп, олардың тұрмыстық жағдайларын анықтады. Мектеп бойынша әлеуметтік аз қамтылған оқушы саны-13, тұл жетім- 1, жартылай жетім - 9 , көп балалы отбасынан шыққан оқушы саны - 40, , көп балалы отбасы-13,ажырасқан обасынанан -12, өгей анаман тұратын - жоқ, өгей әкемен тұратын оқушы - жоқ, жайсыз отбасылар жоқ.

Ол «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілгендігін баяндады. . Жиналыста балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, принциптерінің басымдығына сүйеніп, құқықтық білімін жетілдіру, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтарының негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, бірінші бағытта болу керек екендігі айтылды. Ата-аналар тарапынан балаларына қатаң қадағалау мен мектеп арасында тығыз болғанда ғана келеңсіз оқиғалар мен құқық бұзушылықтың алдын алуға болатындығы айтылды

Сөйледі:Усенова Жұлдызхан Пайызовнакеңес мүшесі: -мектеп директорының есебін зер салып тыңдап отырдым. Есеп өте жақсы жасалған. Атқарған еңбек бар болып тұрған соң жақсы болады ғой. Мектеп директорының мұғалімдермен, оқушылармен бірге жеткен жетістіктеріне мен көріп, олардың сол жетістікке жетуінде атқарған еңбектерін мен ата-ана ретінде, қамқоршылық кеңесінің орынбасары ретінде , көріп ризашылығымды білдіремі

Сөйледі :Құтпанова Назым Болатхановна –қамқоршылық кеңесінің төрайымы

Мектеп директорының есебінде айтылғандай жоғарғы сынып оқушыларына жаратылыстану-математикалық бағытының математика-жаратылыстану медициналық бағдары бойынша ерте кәсіптік бағыт беру мақсатында вариативтік компонент сағаттарының есебінен:10-11 сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары оқушыларға кәсіптік бағыт беру мақсатында жаратылыстану-математикалық бағытының математика –жаратылыстану бағдары бойынша «Күрделі математикалық есептерді шығару» тағы басқаларынан мұғалім жұмысы бар, оны көріп те жүрміз ал, осы балаларды сырттағы байқауларға апаруда ата-ана тарапынан қолдау аз болып отыр. Сондықтан да құрметті қамқоршылық кеңесі сіздерге дарын балаларды қолдауда да көмек көрсету керек екендігін айтып өткім келеді.

Сөйледі :Садыбекова МаяТұрғыновна - кеңес мүшесі .Мен аудан мектептерімен салыстыра отырып, осы №22 орта мектеп мұғалімдерінің жұмыстарына, оқушылардың тәртібіне риза боламын. Өйткені қай уақытта келсеңде мектеп мұғалімдерінің бос жүргенін, оқушылардың шулап, тәртіпсіз болып жүргенін көрмейсің. өгей анаман тұратын - жоқ, өгей әкемен тұратын оқушы - жоқ, жайсыз отбасылар жоқ.Қиын әлеуметтік – психикалық жағдайда тұрған балаларды анықтау мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік!», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және көше»атты күндізгі және түнгі мұғалімдерден құралған реид кезекшілері үздіксіз жүргізілген екен.. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарын профилактикасымен балалардың қадағалаусыз қалуының алдын-алу туралы» заңдарын орындау мақсатында, түнгі реидтр де баршылық. Осы реид барысында көшедегі бей-берекет жүрген оқушылар тіркелген жоқ болғаны да, мүмкін осы жасалып жатқан жұмыстардың сапасы дұрыс болғаннан кейін шығардеп ойлаймын. Өйткені Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға полиция мойоры Тупеков Еркебұланның есебі тыңдап отырып осындай ой келді.Жұмыстарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсыныс:

1.№ 22 жалпы білім беретін мектебіне ақпараттық –коммуникативтік технологиялық білім берудің сапасын арттыруда мектеп компьютерлерінің санын көбейту.

2. Мектеп терезелерінің перделері (жалюз)ескіруіне байланысты ауыстыру

3. Дарынды балаларға қолдау көрсету.

 

Шешімі:

1.№ 22 Жалпы білім беретін мектебінің директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлының қамқоршылық кеңесі алдында 2017-2018 оқу жылындағы оқу тәрбие жұмыстарының жүргізілуі туралы есебі қанағаттанарлық деп есептелсін

2.Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің аға полиция мойоры Тупеков Еркебұланның есебіқанағаттанарлық деп есептелсін