05
сентябрь
2018
Мектептегі тамақтандыру
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылған. Биылғы оқу жылына арналған оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға іс-шара жоспары жасалған. Осы оқу жылына арналған бұйрық шығарылып, бұйрық негізінде комиссия құрылған, жауапты адамдар бекітілген. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) тобы құрылған.
Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының барлығы 100 пайыз (13 оқушы) қамтылған. Оның ішінде тұл жетім – 1, атаулы әлеуметтік көмек алатын – 8, педагогикалық кеңестің шешімімен анықталған басқа санаттағы балалар – 4. Сонымен қатар мектепте ата-аналар тарапынан ақылы ыстық тамақ та ұйымдастырылған.
Ең негізгі құжаттардың бірі – мәзір. Мәзір – белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі. Мектепте перспективалық екі апталық мәзір жасалып, бекітілген. Бракераждық жұмысты жүргізу мектеп медбикесінің жауапкершілігіне жүктелген. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына күнделікті бақылау жүргізеді.
Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған. Шағымдар мен ұсыныс кітабы жүргізіледі. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған.

Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сондықтан да балаларға тамақтануды дұрыс әрі сапалы ұйымдастыру біздің міндетіміз.