Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу. » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу.
01
ноябрь
2018

Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу.

№22 жалпы білім беретін мектебінде 10 октябрь – 20 ноябрь аралығында құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген айлықтың  іс – шаралары туралы 

Хабарлама 

 

10 октябрь – 20 ноябрь аралығында құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген айлықтың  іс – шаралары жоспары құрылып, бекітілді. Октябрь айында ДТЖО М.З.Чимбатчаеваның ұйымдастыруымен АІІБ – ң аға полиция майоры Е.Тупеков мектептегі қамқоршылық кеңесінде өз есебін берді. ДТЖО М.З.Чимбатчаеваның ұйымдастыруымен «Мектептің қауіпсіздік командасы» құрылып, жертекшісі АӘД пәнінің мұғалімінің Қ.Даутов бұйрықпен бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. 10 – 11 октябрь аралығында ДТЖО М.З.Чимбатчаева және  АІІБ – ң аға полиция майоры Е.Тупековпенбірлесе кәмелетке толмаған жасөспірімдермен, ата – аналармен дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 10 октябрь – 20 ноябрь аралығында «Құқықтық мәдениет – бала қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында 5 – 10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары және құқық бұзушылық алдын алу бойынша 1 – 4 сыныптар арасында сынып сағаттарын өткізді. 11 октябрь күні мектеп психологы Ж.Алтаева оқушылардан құқық бұзушылық, қысым көрсетудің алдын алу «Бопсалау» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 6 – 10 сынып оқушылары, жалпы 70 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша мектепте оқушыларға қатысты күштеу фактілері орын алмағанжығы анықталды. Сонымен қатар, мектепте «смотрящий» оқушылар анықталған жоқ.10 октябрь – 20 ноябрь аралығында құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген айлықтың  аясында 2018 жылдың 10 – 20 ноябрь аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында онкүндік іс – шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Құрылып бекітілген жоспар бойынша келесі жұмыстар  атқарылды. 10 ноябрь күні  9, 10 – сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында оқушылармен  пікірталас өткізді. Пікірталастың мақсаты : жан – жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік – толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру. 


Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арыттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету мақсатында  12 ноябрь күні 8 – сынып жетекшісі М.Аманов  «Қылмыссыз қоғам бірлігі» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.  13 ноябрь күні 3 – 4 сынып жетекшілері оқушылармен «Заң және заман» тақырыптарында әңгіме - сұхбат сабақтарын өткізді. Әңгіме – сұхбат сабағының  мақсаты:  оқушыларға қылмыс және қылмыстық жауапкершілік туралы жүйелі білім беру, өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу. 

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> 0,14 ноябрь күні 5 «а», 5 «ә» – сынып жетекшілері оқушылармен  «Жанұяда зорлық – зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. 15 ноябрь күні 6  - сынып жетекшісі Г.Оспанова «Біз зорлық – зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында сайыс сабағын сабағын өткізді. 

16 ноябрь күні 7 «а», 7 «ә» – сынып жетекшілері оқушылармен  «Құқықтық сауаттылық заман талабы» тақырыбында интеллектуалды ойын сабақтарын өткізді. Интеллектуалды ойын сабағының мақсаты :балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындырып,  ой-өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту,  балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңірту. 

19 ноябрь күні 1 «а» - сынып жетекшісі К.Төрежанова «Құқықтық міндеттер»  және  1 «ә» - сынып жетекшісі А.Шабикова «Мен және менің құқығым»  тақырыптарында   тәрбие сағаттарын өткізілді. Тәрбие  сағатының мақсаты:  оқушыларды сұрақтар арқылы олардың ой – өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арыттыру, заңды сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету. 20 ноябрь күні ДТЖО М.З.Чимбатчаеваның ұйымдастыруымен «Зорлық – зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында мектеп психолог Ж.Алтаева және медбике Ұ.Мырзабаева  ата – аналарға семинар – тренинг өткізді.Педагогтар арасында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының  51 бабының 3 тармағының 9) және 10) тармақшаларында көзделген талаптарды (9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, мектептен тыс жерде болған осындай құқық бұзушы-лықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті) туралы жиналыстар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ата-аналар арасында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының  49 бабының 2 тармағында көзделген талаптарды (1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасызетуге;3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауғаміндетті) туралы  ата -  аналар жиналыстары ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

 

                    Мектеп директоры:                 Сейдалиев Е.Е.