1- сентябрь Білім күні! » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » 1- сентябрь Білім күні!
01
сентябрь
2018

1- сентябрь Білім күні!

 

№ 22 жалпы білім беретін  мектебінде   2018  жылын   1-сентябрь «Білім күніне»  мерекесіне арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің 

рөлі!» атты салтанатты лездеменің өткізілгені туралы 

 

Хабарлама 

 

        №22 жалпы білім беретін  мектебінде 2018 жылдың 1-сентябрь  күні сағат 900-де  «Білім күні!» мерекесіне арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі!» атты салтанатты лездеме  ұйымдастырылып,  үш тілде жүргізілді.  Салтанатты лездемеге мектеп әкімшілігі,  ұстаздары 1 – 10 сынып оқушылары қатысты. Салтанатты лездемеде  ҚР мемлекеттік гимні орындалуымен басталып, осы салтанатты жиынға келген қонақтар аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Т. Бопиева, аудандық «Меркі тынысы» газетінің  бас редакторы  Ә.Т.Исаева, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Н.Құтпанова оқушыларды өздерінің жүрек жарды тілектерімен құттықтады. Салтанатты лездемеде оқушыларды және лездемеге жиналған ата-аналар қауымын Қазақстан Республикасының Конституция күнімен және биылғы жыл Астананың 20 жылдығы, сонымен қатар Мерейлі Меркі ауданының 90 жылдық мерей тойымен құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды. Мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы ұлағатты ұстаздар мен  білім алушы шәкірттерді  биылғы  оқу жылының басталуымен  құттықтады. Салтанатты жиын барысында  1-сыныпқа қадам басқалы отырған оқушыларға және жалпы мектепке арнап  Абуталим Айдан,  Шөңкебай Айнұр, Шөңкебай Айдана сынды дарынды оқушымыз әсем ән айтса, 5 - сыныптың оқушылары мың бұралған  би билеп көпшіліктің көңілін көтерді. Ортада 1 - сыныптың кішкентай бүлдіршіндерің  арнайы шығарылған өлең шумақтарын оқыды.  Сонымен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мырзаханов Нұрдаулет  жаңа 2018-2019 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен  таныстырды. Қоғамда және оқушылар арасында отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы әлемде дамыған 30 елдің қатарына қосылу және заман талабына сай жаңғыру  табысты ел болуымыздың кепілі екендігі айтылды. Оқушылардың  қызықтарын тамашалауға келген ата - аналардың тарапынан құттықтау сөзді алған  Мырзахметова Нүрила апкиміз  өз тілектерін  мектеп ұстаздар мен оқушыларға арнап айтты. Салтанатты лездемеде соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 – сынып оқушылары Еркінбек Нұрислам мен Шолпанқұл Бағыма берілді. Салтанатты жиынның соңында 1-10 сыныптарда біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді.