1 – октябрь «Қарттар» күні!
№ 22 жалпы білім беретін мектебінде ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында
1 – октябрь «Қарттар» күніне арналған «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты мерекеліс іс-шараның өтілуі туралы
Хабарлама
№ 22 жалпы білім беретін мектебінде ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында . 3-4 сынып жетекшілері Сұраубаева Э. Шабикова А. және мектеп тәлімгері М.А.Құтымбетова 1-октябрь күні «Қарттар» күніне орай Екпінді ауылының қарияларына арналған «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді. Концерттік бағдарламаға Екпінді ауылының қариялары қатысты. Атап айтқанда, Егізбай ата, Абуталим ата, Асқар ата, Серіккүл апа, Тоқтангүл апа, Нұржамал апа. Концерттік бағдарлама мектеп директоры Е.Е. Сейдалиевтың құттықтау сөзімен ашылды. Директор өз сөзінде: «Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың декабрь айындағы кезекті отырысында 1 октябрь — Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі. Құрметті әкелер, әжелер, қасиетті қариялар, сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән- шашу таралғы еткелі отыр, қабыл алыңыздар» - деп, іс-шара тамаша концерттік кешке үласты.
Мерекелік іс-шарада 3 сынып және 5 сынып оқушылары Жатқанбай Жасұлан, Жатқанбай Ералы, 4-сынып оқушысы Шәмшідін Мұқағали ән тарту етсе, 3-сынып оқушылары қарттарға арналған өлең шумақтарын оқыды. 4-сынып оқушылары «Әуе шарлары» биін билесе, 6-сынып оқушылары жастарға ой салатын тәрбиелік мәні зор «Қарттар үйі» тақырыбында көрініс құрды. Мерекелік іс-шараны 3-4 сынып оқушыларының «Ата – апаны таңдаймыз» тақырыбында хор орындады. Оқушылар өз тараптарынан ауыл қарияларына гүл шоқтарымен сыйлықтар таратты. Мерелік іс-шара өте тартымды, жылы көңілмен, жоғары дәрежеде өтті. Ауыл қариялары өз тарапынан ұстаздарға және оқушыларға алғыстарын білдіріп, оқушыларға ақ батасын беріп, ізгі тілектерін білдірді.