10
февраль
2023
Ерте жүктіліктің алдын алу профилактикалық түсіндіру жұмыстары
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде Ерте жүктіліктің алдын алу профилактикалық жоспар аясында ағымдағы 2023 жылдың февраль айының 10-күні 8-11сынып қыз балаларымен"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова 8-11сынып жетекшілер қатысуымен жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: қыздардың тәрбиелі, білімді болып өсуіне ,қыз баланың тазалықты дұрыс және күнделікті тазалықты сақтауға, қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту мақсатында өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлардан бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ қыз балалар өзара пікір алмасып, өздеріне керекті сұрақтарына жауаптарын алды.


