15
октябрь
2021
" Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?"
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың октябрь айының 14-күні қыздармен жұмыс ерте жүктіліктің алдын алу іс-шара жоспарына сәйкес 9-11сынып қыз балаларымен қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында " Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Қ.Ж.Адешова,және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Сағындық Анара Мұхитжанқызы , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова, мектеп медициналық қызметкері Ұ.Мырзабаева,9-11сынып жетекшілер А.А.Джарылқапова, Қ.Қ.Сатқұнова
Қ.Б.Даутов қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.Алғы сөзді мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова ашып берді. Іс-шара басталуы жақсы көңілмен бір -бірлеріне "Тілек гүлі" тренингімен басталып
қатысушылар бір серпіліп қалды. Сондай-ақ дөңгелек үстелде "Қызға қырық үйден тыйым","Қыз сүйкімді көрінер қылығымен ","Қыз мінезді келсін,ұл өнерлі келсін"-деп ұлттық тәрбиеге баса назар аудару мен тәрбиеге қатты көңіл бөлу керектігін баса айтылып,талқыланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Анара Мұхитжанқызының "Ерте жүктіліктің алдын алу"баяндамасын слайд арқылы тереңірек түсіндіріп өтті.Іс-шара соңында директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова өз сөзінде ұлттық салт-дәстүрімізді білу ,оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. "Қыз тәрбиелей отырып -ұлтты тәрбиелейміз "деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді деп өз сөзін түйіндеп айтты.Кездесу барысында мамандар қыз балаларға ерте жастағы жүктіліктің алдын алуға бағытталған мағлұмат берді.