"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" » СШ№22 Екпенды
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №22»
отдела образования Меркенского района
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Версия для
слабовидящих
» » "Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"
19
февраль
2021

"Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"


№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде  ағымдағы жылдың февраль айында 8-10 сынып қыз балаларымен қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс-тұрыс  дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Қ.Ж.Адешова, Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері  С.А.Метеркулова,Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Д.Қасымова, орталық  аурухананың акушер - гинекологы А.Қ.Есеналиева,мектеп директоры Е.Е.Сейдалиев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова, әлеуметтік педагог Г.Б.Оспанова, мектеп психологы М.Е.Рамаданова, мектеп медициналық қызметкері Ұ.Мырзабаева,9-10сынып жетекшілер А.А.Джарылқапова, Қ.Қ.Сатқұнова қатысуымен кездесу өткізілді.Алғы сөзді  мектеп директоры Е.Е.Сейдалиев ашып берді. Іс-шарада мектеп психологы М.Е.Рамаданова  "Шаттыққа толы жүрекпен" тренингін ұйымдастырып,
қатысушылар бір серпіліп қалды. Сондай-ақ дөңгелек үстелде аудандық білім бөлімінің әдіскері С.А.Метеркулова "Қызға қырық үйден тыйым","Қыз сүйкімді көрінер қылығымен ","Қыз мінезді келсін,ұл өнерлі келсін"-деп ұлттық тәрбиеге  баса назар аудару мен  тәрбиеге қатты көңіл бөлу керектігін баса айтып өтсе, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Қ.Ж.Адешова "Ерте жүктіліктің алдын алу"баяндамасын слайд арқылы тереңірек түсіндіріп өтті.Іс-шара соңында директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова өз сөзінде ұлттық салт-дәстүрімізді білу ,оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. "Қыз тәрбиелей отырып -ұлтты тәрбиелейміз "деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді деп өз сөзін түйіндеп айтты.Кездесу барысында мамандар қыз балаларға ерте жастағы жүктіліктің алдын алуға бағытталған мағлұмат берді. Іс-шараны өткізуге ұйытқы болған әлеуметтік педагог Г.Б.Оспанова мен  сынып жетекшілер А.А. Джарылқапова ,Қ.Сатқұнова кері байланыстан қыз балалардың алған әсерлерінің мол болғандығын байқауға болады.Сонымен қатар қыз балалар дөңгелек үстел соңында мамандармен  пікір алмасып, өздеріне керекті сұрақтарына жауаптарын ала білді.Қорыта келгенде қазіргі қоғамымызда жайылып келе жатқан бұл індеттен көп болып күресіп,ой салар кездесуді көптеп ұйымдастырғанымыз абзал!