13
сентябрь
2022
" Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында сыр-сұхбат ұйымдастырылып өткізілді.

№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде Ерте жүктіліктің алдын алу профилактикалық жоспар аясында сентябрь 13-күні 8-11сынып қыз балаларымен " Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында мектеп медбикесі Ұ.Мырзабаева, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова сынып жетекшілер қатысуымен сыр-сұхбат ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: қыздардың тәрбиелі, білімді болып өсуіне ,қыз баланың тазалықты дұрыс және күнделікті тазалықты сақтауға, қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, ерте жүктіліктің алдын алу. Мектеп медбикесі Ұ.Мырзабаева өз дәрісінде қыз балаларға ерте жастағы жүктіліктің алдын алуға бағытталған мағлұматтар беріліп,өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлардан бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ қыз балалар өзара пікір алмасып, өздеріне керекті сұрақтарына жауаптарын алды.