28
желтоқсан
2021
"Қош келдің Жаңа жыл!"
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021жылдың желтоқсан айының 28-күні сыныптан тыс іс-шаралар жоспары бойынша 4"а"-сынып жетекшісі К.Д.Төрежанова "Қош келдің Жаңа жыл!" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Қыс мезгілінде болатын балалардың сүйікті мерекесімен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту.Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені балалардың естерінде қалатындай етіп өткізу,достық қарым-қатынас орнату көзделді.Оқушылар Жаңа жыл, қыс мезгілі туралы тақпақтарын нақышына келтіре айтып,хормен "Қош келдің жаңа жыл" әнін орындап,карнавалдық киімдерін қорғап би билеп өте қызықты Жаңа жылдық ойын түрлерін көрсетті."Кел Жаңа жыл біздерге ,Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл"деп мерекелік өте жақсы көңіл-күймен аяқталды.
ДТІЖО: П.Е.Батырбекова
ДТІЖО: П.Е.Батырбекова
