24
желтоқсан
2021
"Омикрон"
№22 Жалпы орта білім беретін мектебінде 2021жылдың желтоқсан айының 24-күні аудандық білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021жылғы 21-желтоқсандағы #01-7013хатына сәйкес короновирустық инфекциясының алдын алу мақсатында жаңа жылдық шыршаның онлайн форматта өтілу туралы ДТІЖО П.Е.Батырбекова сынып жетекшілер арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып өткізілді.Қазіргі таңда короновирустың тағы бір түрі "Омикрон"деген жаңа мутацияланған штаммы тіркелгендігін және ол штамм негізінен жас тұрғындардың денсаулығына әсер ету қаупі жоғары екендігі туралы мәліметтердің таралуы бойынша да айтылды.Сондай-ақ осыған орай балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып,жаңа-жылдық іс-шаралар жоспары онлайн форматта өтілуімен таныстырылып, демалыс күндері де сақтық шаралары мен қауіпсіздік шаралары туралы, пиротехникалық жарылғыш заттардың қауіпсіздігі,жол ережесін сақтау бойынша да білім алушыларға үнемі ескертіп,ата-аналармен тығыз байланыста болу керектігі де баса айтылып,өзара пікір алмасып, беймезгіл уақытта ата-ананың қарауынсыз мейрамханада, көшеде жүрмеу керектігі де ескертілу керектігі айтылып,келер жылға тек жағымды жаңалықтар көп болсын деген жылы лебізмен аяқталды.


