28
желтоқсан
2021
ата-аналарымен жиналыс өткізілді
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021жылдың желтоқсан айының 27-күні алдағы мереке күндері және қысқы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және әр түрлі мәселер бойынша әлеуметтік желі арқылы сынып жетекшілер 1-11сыныптар арасында ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Ата-аналарға жасөспірімдердің қысқы мерзімде жолда жүру және мұз үстінде жүру қауіпсіздігі бойынша, жаңа жыл мерекесінің онлайн форматта өтілу мен іс-шаралар жоспарымен қатар жарылғыш заттарды пайдаланбау, тау шатқалдарына сырғанаққа баруға болмайтыны туралы, көшеде, дүкенде беймезгіл уақытта жүрмеуі, қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын сақтап көпшілік орындарға бармау керек екендігі және беймезгіл уақытта ата-ананың қарауынсыз көшеде жүрмеу керектігі туралы да ескертіліп айтылды. ДТІЖО: П.Е.БАТЫРБЕКОВА




