«Бір баспалдақ жоғары» » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бір баспалдақ жоғары»
19
қараша
2021

«Бір баспалдақ жоғары»

№22жалпы орта білім беретін мектебінде «Бір баспалдақ жоғары» тақырыбында мектептің әлеуметтік педагогы Г.Б. Оспанова  5- сыныпқа  келген оқушыларға  кеңес берді.Мақсаты: бала бойындағы үрейді игерту, өзіне деген сенімділікті арттыру, өз уақытын тиімді пайдалануға көмек көрсету.«Танысу»  тренингімен басталып, білімалушылар өз аттарын айтып, бойындағы жақсы қасиеттерін айтып шығады
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Сондықтан да екінші рет беріліп отырған кеңес балалардың бейімделіп, төселіп, өз пікірлерін анық жеткізіп ойын айқындай алатындығы қуантты.