08
қазан
2021
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде қазан айының 7-жұлдызы күні аудандық білім бөлімі басшысының жанындағы кеңес отырысында берілген тапсырманы орындау мақсатында қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен, мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтілді.Жиналысты мектеп директорының қызметін уақытша атқарушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е. Батырбекова ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып өтті.Өз сөзінде ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру,өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру,балаларға қауіпсіз орта құру,бала тәрбиесіндегі ата-ананың қазіргі таңдағы басты рөлі туралы кеңінен айтып өтті. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын қадағалауға алыну мен түнгі беймезгіл уақытында көшеде жүрмеуі, сонымен қатар күндізгі уақытта көңіл көтеретін орындарда сыныптастарымен туған күн тойлауы;бойынша бақылау керектігін де және мешітке рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатқандығы да айтылды.Мектеп психологы М.Е. Рамаданова мен әлеуметтік педагог Г.Б. Оспанова жасөспірімдер арасында электронды темекі қолдану, алдын алу жұмыстарын жүргізіліп жатқанын және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша және жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері туралы да айтып өтті.
