27
желтоқсан
2021
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың желтоқсан айының 27-күні АПБ-ЮПБ-ның полиция майоры: Е.А. Тупековтың қатысуымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушыларға түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, жолда жүру барысында жол қауіпсіздігін сақтау, жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық заттарды қолдануға болмайтындығын, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,ДТІЖО П.Е.Батырбекова бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу туралы да айтып өтті.




