28
ақпан
2025
1 Наурыз — Алғыс айту күніне орай мектебімізде зейнетке шыққан қарт ұстаздармен «Жанымда жүр жақсы адам» атты кездесу кеші өтті.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 Наурыз — Алғыс айту күніне орай мектебімізде зейнетке шыққан қарт ұстаздармен «Жанымда жүр жақсы адам» атты кездесу кеші өтті. Мектеп директоры Бектурганов Б.Т алғашқы сөз кезегін алып кешті ашып өтті. Ауыл ақсақалы
Жантұрсын аға да ұстаздарға деген өз алғысы мен жүрек жарды құттықтауын айтып өтсе ,бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздары қарт мұғалімдерге өз алғыстарын білдіріп, олардың шәкірт тәрбиелеудегі еңбектерін ерекше атап өтті. Кездесуде ұстаздар өмір жолы мен педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға шын жүректен ақыл-кеңестерін айтты. Бұл шара жастарды құрмет пен ризашылық білдіруге, ұстаз еңбегін бағалауға шақыра отырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтты.
1- наурыз — Қазақстанда Алғыс айту күні болып жарияланған маңызды мереке. Бұл мереке 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ресми түрде бекітілді. Алғыс айту күні еліміздің түрлі этникалық топтары арасында достық, бірлік пен татулықты нығайту мақсатында атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстанда 1930 жылдары қиын кезеңдерде орын алған этносаралық қатынастардың маңызды беттеріне арналады. Қазақстанға көші-қон кезінде көптеген ұлттар мен халықтар, оның ішінде қазақтар да өздерінің қонақжайлығымен және мейірімділігімен басқа халықтарды қабылдап, оларға қолдау көрсетті. “Отаным саған мың алғыс” тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды.Бұл күні - ризашылық пен мейірімділікке толы, жүректерге жылу сыйлайтын ерекше сәт, кеш барысында алғыс айту күнінің шығу тарихы баяндалып, оның бірлік пен татулықтың, ізгілікпен адамгершіліктің белгісі екені атап өтілді. Шараны одан әрі өнерлі балалар әсем әуен тербетіп, “Ана туралы ән”,”Рахмет саған туған ел”,”Ұстаз” әндері орындалып,кешке жақсы әсер сыйлады.
Алғыс - жүрек жылуы, татулық пен мейірімнің көрінісі.
Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DGnjxZptGDC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==