02
қыркүйек
2025
"Назар аударыңыз - балалар! " атты облыстық акциясының ашылуы
Мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқыс оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 2-12 күндері аралығында "Назар аударыңыз - балалар! " атты облыстық акциясы негізінде аудандық іс-шаралары біздің мектебімізде де өзінің бастауын алды. Онкүндіктің ашылуына байланысты 2 қыркүйек күні білім алушылар арасында ақпараттандыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның ашылу рәсімінде сөз алған АӘД мұғалімі А.Мәуленбеков жол қозғалысында әр адамның жолда жүру ережесін жетік білуінің маңыздылығы жайында сөз қозғап, оқушылардың әркезде жол қозғалысының тәртібін, мәдениетін сақтау өмір қауіпсіздігінің кепілі болып табылатынын айтып өтті.





