«Абайлаңыз балалар!» республикалық акциясы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абайлаңыз балалар!» республикалық акциясы
13
қаңтар
2025

«Абайлаңыз балалар!» республикалық акциясы

Меркі ауданының білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 13 қаңтардағы №14 бұйрығының негізінде 2025 жылдың 13-23 қаңтар аралығында мектебімізде жолда жүру тәртібін сақтау тақырыбымен «Абайлаңыз балалар!» республикалық акция негізінде ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекованың ұйымдастыруымен онкүндіктің ашылу жиыны өтті. Жиын барысында білім алушыларға онкүндіктің бұйрығы мен жоспары таныстырды,сонымен қатар Нурлыбаева В мен Қ.Сатқұнова түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
сілтеме: 
https://www.instagram.com/p/DEzb1-nMwhw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
 


«Жаяу жүруші-назар аудар!» оқушыларға арналған тақырыптық бейнефильмдер.

сілтеме: 
https://www.instagram.com/reel/DE4D9sBM9XW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

22жалпы орта білім беретін мектебінде
«Абайлаңыз балалар!» республикалық акция негізінде
2025 жылдың 13қаңтар– 23 қаңтар аралығындағы жолда жүру тәртібін сақтау тақырыбымен «Абайлаңыз балалар!» республикалық акция негізінде іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.
Мақсатты: Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау. Жол ережесін толық түсіндіру.
Бүгінгі акцияға бастауыш оқушылары қатысты. ДТІЖО П.Е.Батырбекова оқушыларға жол қозғалысының ережелері мен оның қауіпсіздігі жайында түсіндіріп өтті. Әр түрлі видео роликтер көрсетіліп, алдын алу жолдары сынып жетекшілер тарапынан да түсіндірілді. Мектептің инспекторы Маңызқызы Арна жол ережелерін жіті түсіндірді. Сонымен қатар оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, жол ережелері туралы өлең жоларын жырлады. Акция барысында оқушылар ойындарға қатысып, өнерлерін ортаға салды. 

сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DE4GYxesJG6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ.
ҚАҢТАР АЙЫ-ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ.
2-АПТА ДӘЙЕК СӨЗІ:"ТАЛАП БАР ЖЕРДЕ ТӘРТІП БАР!"
Жасөспірімдердің кінәсінен және қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс–тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында 2025 жылдың 13 мен 23 қаңтар аралығында «Абайлаңыз балалар!» республикалық акциясы бастау алды. Он күндік іс - шара жоспары түзіліп, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрметті ата- аналар, жасөспірімдердің қатысуымен орын алған, жол-көлік оқиғаларының жиілеп кету себебінен, балаларыңыздың қауіпсіздігі үшін аталмыш іс - шараға белсенді қатысуға шақырамыз!

сілтеме:
https://www.instagram.com/reel/DE5X8zYMC0b/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінің13 қаңтар -23 қаңтар аралығындағы жолдау жүру тәртібін сақтау тақырыбымен «Абайлаңыз балалар» республикалық акция аясында он күндік іс-шара жоспарына сай 6- сынып білім алушылары жол белгілерінің пішімдерін келтіре отырып, оларды жатқа айтып өмір қауіпсіздігін сақтай білуге шақырды. "Жол ережесін сақтай білейік" атты флешмобының мақсаты да осыда
сілтеме:
https://www.instagram.com/reel/DE6wm0ksj7S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінің13 қаңтар -23 қаңтар аралығындағы жолда жүру тәртібін сақтау тақырыбымен «Абайлаңыз балалар» республикалық акция аясында он күндік іс-шара жоспарына сай «Балаларды жол көлік зақымдануының алдын-алу» бойынша тренингін мектептің әлеуметтік педагогы Г.Оспанова өткізді. Тренингтің мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету.Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, психологиялық- әлеуметтік қолдау көрсету

сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DFDFdxZtvjP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
Сурет байқауы:
2025 жылдың 13-23 қаңтар «Абайлаңыз балалар» республикалық акция барысында аудандық онкүндік іс-шарасы шеңберінде 1-4 сынып оқушлары арасында «Мектепке барар қауіпсіз жол» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауына 1 - 4 сынып арасында 18 білім алушы қатысты.
5-8білім алушылар арасында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» тақырыптарында сынып жетекшілері қауіпсіздік сағаттары мен тәрбие сағаттарын өтті. Мақсаты: Білім алушылардың жолда жүру ережесі бойынша түсініктерін пысықтау. Жолда жүргендегі қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігі туралы түсіндіру. Сабақта ұстаздар бағдаршамның көздері бойынша оқушыларды топқа бөліп, жол ережесі туралы, жол белгілері туралы білімдерін ортаға салды. Берілген тапсырмалар бойынша топ болып постер қорғады. Тәрбие сағатының соңында мұғалім оқушыларға бейнероликтер көрсетіп, жол белгілері, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсінік берді.
сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DFDikV3OO-m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
Жол қауіпсіздігі сабағы:
https://www.instagram.com/reel/DFLVLwpzsN7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==