“Кибербуллингтен сақ болайық” » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Кибербуллингтен сақ болайық”
06
қазан
2021

“Кибербуллингтен сақ болайық”

№ 22 жалпы орта білім беретін  мектебінде “Кибербуллингтен сақ болайық” атты 8-11 сынып білімалушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзекті тақырыпты мектептің әлеуметтік педагогы Оспанова Гүлзия Бақтыбайқызы жүргізді.Мақсаты: Білім алушыларға  кибербуллингтің алдын алуда  жұмыстар жүргізу,  бопсалауға жол бермеуді  түсіндіру..
Білім алушыларға , кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін екенін, бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алатыны жайлы тереңінен түсіндірілді. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайтыны белгілі. Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету екені анық айтылып, бейнебаяндар көрсетіліп, сауалнама алынып,  сұрақтарға жауап берілді. Білім алушылар өз ойларын ашық айтып, тақырыпты жақсы түсінгендерін жеткізе отырып, болашақта кибербуллинг тұзақтарына түспей , түзу жолды  таңдайтындарын кері байланыс арқылы жеткізді.