12
қыркүйек
2022
«Отбасы- тәрбие бастауы» атты ата –аналар жиналысы
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Отбасы- тәрбие бастауы» атты жаңа форматта ата –аналар жиналысы өтті.Мақсаты: ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын білуіне ағартушылық көмек көрсету.Ата-аналар музыка арқылы кіріп, ұнаған гүл шоқтарының қасына барып отырады. «Бақытты отбасы» тренингімен басталып, ата-аналардың көңіл күйлерін көтеріңкі болуымен, ой ұшқырлауына себепші болған мектептің әлеуметтік педагогы Г.Оспанова болды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Мусаева ата-аналарға «Сапалы білім алу құпиясы» атты слайд, баяндамасы сәтті аяқталса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Батырбекова «Құқық бұзушылықтың алдын алу,мектеп формасы, жол ережесі» сияқты өзекті мәселелнрге тоқталды.Сондай-ақ, ата-аналар биылғы оқу жылында сапалы білім, саналы тәрбие алу жолында бірауыздан ата-аналар комитеті Далиева Балжан Серікқызын сайлады. Ынтымақпен бірлесе өткізілген ерекше жиналыс ата-аналардың көңілінен шыққаны олардың тамаша эмоцияларынан байқалды.




