30
желтоқсан
2025
1–11 сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен «Отбасылық қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру және профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын өткізді.
№22 ЖОББМ-де 1–11 сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен «Отбасылық қауіпсіздік» тақырыбында түсіндіру және профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын өткізді.🎯 Мақсаты – қысқы демалыс пен мереке күндері балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салу.🛑 Іс-шара барысында келесі мәселелер қозғалды:
• тұрмыстық қауіпсіздік ережелері;
• пиротехникалық заттарды қолданудың қауіптілігі;
• от пен электр құралдарын қауіпсіз пайдалану;
• көшеде және қоғамдық орындардағы тәртіп;
• интернет желісіндегі қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау.
👨👩👧👦 Оқушылармен қатар ата-аналарға да қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📢 Сынып жетекшілері демалыс күндерін қауіпсіз өткізу – әрбір адамның жеке жауапкершілігі екенін атап өтті.