26
қараша
2025
8–11 сынып оқушылары арасында «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті бағыттар» тақырыбында түсіндірме және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған республикалық онкүндік аясында мектепте 8–11 сынып оқушылары арасында «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті бағыттар» тақырыбында түсіндірме және алдын алу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, буллинг, әлімжеттік, бопсалау сияқты жағымсыз әрекеттердің алдын алу және мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау деңгейін арттыру болды.
Кездесуге мектеп директоры С. Қасымова, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары П. Батырбекова, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі А. Мәуленбеков, сондай-ақ 8–11 сыныптардың сынып жетекшілері қатысты.
Іс-шара барысында:
Оқушыларға буллинг пен әлімжеттіктің қандай түрлері кездесетіні және олардың салдары түсіндірілді;
Бопсалау әрекеттерін анықтау, олардан қорғану және қауіп төнген жағдайда қайда жүгіну керектігі жөнінде кеңес берілді;
Мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы атап өтіліп, оқушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді;
АӘД мұғалімі тарапынан қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайда өзін ұстау ережелері бойынша ақпарат берілді.
Шара оқушылардың өзара сыйластыққа, тәртіпке және қауіпсіз орта қалыптастыруға жауапкершілікпен қарауына ықпал етті. Оқушылар сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды. #адалазамат #қауіпсіздік #22жоббм