18
қараша
2025
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 18.11.2025 жылы 9ә сынып оқушыларының «Құқықбұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді.
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 18.11.2025 жылы 9ә сынып оқушыларының «Құқықбұзушылық пен әлімжеттіктің алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты — құқықтық сана қалыптастыру, мектептегі әлімжеттіктің алдын алу және қауіпсіз орта орнату. Сабақ барысында оқушыларға құқықбұзушылық түрлері, әлімжеттік (буллинг) түрлері, алдын алу шаралары, жауапкершілік туралы ақпарат туралы түрлі мәселелер түсіндірілді. Қауіпсіздік сағаты барысында оқушылар сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты. Аталған қауіпсіздік сағаты өткізіліп, оқушыларға құқықтық мәдениеттің маңызы мен әлімжеттіктен сақтану жолдары түсіндірілді.