22
қыркүйек
2025
*”Буллингтің алдын алу”* тақырыбында 7-сынып білім алушыларымен тәрбие сағаты өткізілді.
2025 жылдың 22 қыркүйек күні мектебімізде *”Буллингтің алдын алу”* тақырыбында 7-сынып білім алушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен салдарын көрсету, бір-біріне құрметпен қарау мен психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыруға үйрету.Сабақ барысында:Буллингтің түрлері (физикалық, вербалды, кибербуллинг) түсіндірілді.Видеоролик көрсетіліп, нақты мысалдар талқыланды. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, диалог жүргізілді. Буллингке қарсы әрекет ету жолдары мен көмек сұрау тәсілдері айтылды.Сабақ достық пен өзара түсіністікке тәрбиелеуге бағытталды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдірді.