11
қараша
2025
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-қараша күні 3- сыныпта «Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-қараша күні 3- сыныпта «Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді. Мақсаты: балаларға табиғат аясындағы қауіпсіздік қағидаларын үйрету. Оқушылар сабақ барысында табиғаттағы демалыс түрлерін атады, су жағасында, орманда болатын қауіптер туралы әңгімеледі. Топтық жұмыс барысында әр топ постер жасап, «Табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері» туралы ойларын ортаға салды. Оқушылар табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер туралы нақты түсінік алды. Тақырып оқушылардың қызығушылығын оятып, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.