03
қараша
2025
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 3-қараша күні 3- сынып оқушыларымен «Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 3-қараша күні 3- сынып оқушыларымен «Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты: Балаларға ғаламтордан қауіпсіз ойындарды таңдауды үйрету. Сабақ барысында оқушыларға әлеуметтік желіде таралып жатқан қауіпті ойындар туралы ақпарат берілді. Бұл ойындардың адамның психологиясына кері әсер ететіні және өмірге қауіп төндіретіні туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, «Қауіпсіз интернет» ережелері талқыланды.Негізгі тақырыптар:- Бейтаныс адамдардан келген сілтемелерге өтпеу.- Қауіпті ойындардан бас тарту.
- Қауіп төнсе – ата-ана мен мұғалімге айту.
- Желідегі жеке мәліметтерді қорғай білу.
Оқушылар әлеуметтік желіде өзін-өзі қорғау жолдарын меңгеріп, интернеттегі қауіп-қатер туралы нақты түсінік алды.