03
наурыз
2025
2-сынып білім алушыларымен «Мұз үстіндегі қауіптер» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 3- наурыз күні 2-сынып білім алушыларымен «Мұз үстіндегі қауіптер» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Қауіпсіздік сабақтың мақсаты: Оқушыларға мұз үстінде жүрудің қауіптері мен сақтық шараларын түсіндіру; Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру; Өз өмірі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Сабақ барысында білім алушылар «Қауіпсіздік ережелері» – Мұз үстінде жүру ережелерін құрастырды. Білім алушылар мұздағы қауіпсіздік ережелерін әрдайым есте сақтау қажеттігін түсінді.