08
желтоқсан
2025
«Қалай өз - өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді.
Желтоқсан - БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ айы "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8-желтоқсан күні 3-сыныпта «Қалай өз - өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» тақырыбында қауіпсіздік сағаты өткізілді. Мақсаты:Оқушыларды әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Сабақта оқушылармен өмірлік жағдаяттарға байланысты қауіпсіздік ережелері талқыланды. Бейнематериал көрсетіліп, «Не істер едің?» атты ситуациялық сұрақтар арқылы оқушылардың пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар «Қауіпсіздік бұрышы» тақырыптық суреттермен безендірілді. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, қауіпті жағдайларды болдырмаудың жолдарын меңгерді. Қауіпсізідк сағаты оқушылардың сақтық дағдыларын дамытуға, жауапкершіліктерін арттыруға оң ықпал етті, өзін-өзі қорғаудың негізгі тәсілдерін меңгеруге көмектесті. Оқушылар белсенділік танытып, өмірлік маңызы бар ақпарат алды. #Оқу_ ағарту _министрілігі