26
желтоқсан
2025
🎄 «Қош келдің, Жаңа жыл!» 🎄
https://www.instagram.com/reel/DSw2_vIDJs7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
🎄 «Қош келдің, Жаңа жыл!» 🎄
Мектебімізде 8–9–10–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты әсерлі де мазмұнды мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кештің шымылдығы әсем вальспен ашылып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Мерекелік кеш барысында оқушылардың орындауындағы әсем билер, әсерлі әндер, қызықты пародиялар, көңілді ойындар мен флешмобтар көпшілік көңілінен шықты. Аяз ата мен Ақшақардың келуі кештің сәнін арттырып, жаңа жылдық атмосфераны айшықтай түсті.
🎤 Кеш барысында мектебіміздің директоры Касымова Сауле Асанқызы құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға жаңа жылда сәттілік, білім мен тәрбие жолында толағай табыс тіледі.
✨ Сондай-ақ мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Маханбедиева Гульнара Сайлаубаевна қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
🎉 Кеш соңында өткізілген ойындар мен лотерея қатысушыларға ерекше қуаныш сыйлап, мерекелік кеш жоғары көңіл күймен өз мәресіне жетті.
Жаңа жыл әр шаңыраққа бақ-береке, мол қуаныш пен жарқын жетістіктер әкелсін! ✨