29
желтоқсан
2022
Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» тақырыбында 8-11 сынып білім алушыларына жылдық шырша мерекесі
«Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!»
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 29 желтоқсан күні мектепішілік «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» тақырыбында Жаңа жылдық шырша мерекесі 8-11 сынып білім алушыларына ұйымдастырылып өткізілді. Шыршаға барлық сынып оқушылары түгелдей қатысты. Мектеп директоры Сейдалиев Ербол Есеналыұлы және Меркі ауданы білім бөлімінің бас маманы Зеткулов Қуат Есболатұлы шырша мерекесіне келген барлық оқушылар мен ұстаздарды келе жатқан 2023 жыл, қоян жылымен құттықтап жаңа жылдық шырша шамын жағып, мерекені ашып берді. Барлық сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, қызықты ойындар, байқаулар өткізіліп Шырша мерекесі барлық оқушыларымызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап қуантты. Кеш соңында "Өзін-өзі басқару" ұйымы дайындаған Жаңа жылдық флешмобқа барлық залда отырғандар қатысты. Мерекелік кеш Жаңа жыл биімен аяқталды.