Жаңа жылдық шырша » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жылдық шырша
26
желтоқсан
2024

Жаңа жылдық шырша

26.12.24 жылы 0 даярлық топтары, 5,6,7 мерекелік Жаңа жылдық шыршаны өткізді. Алғашық күнгі жаңа жылдық іс-шараның өткізілуін мектеп директоры Б.Т. Бектурганов өзі сөз сөйлеп арнайы оқушыларды жаңа жылдық мерекенің салтанатымен құттықтады.
Жаңа жылдық шыршаны көрсетілген сағат бойынша өткізді. Бұл сыныптардың жаңа жылдық шыршылары да өте қызықты өтті, онда ертегі елінен көптеген кейіпкерлер қонаққа шақырылды: Қоян, Түлкі, Ақшақар, Жылан кейіпкерлері болды. Ал, балалар Аяз атаға өз сый құрметтерін көрсетіп тақпақтарын айтып, ән айтып би-билеп өз өнерлерін көрсетті.
26.12.24 жылы 9 – 10 – 11 сынып оқушылары арасында Жаңа жылдық мереке өткізілді. Мерекелік кештің ашылу салтанатын аудандық білім бөлімінен Д.А.Көшербаев сөз сөйлеп оқушыларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, өз лебізін білдірді. Одан ары қарай ДТЖО П.Е.Батырбекова оқушыларға жақсы тілектер айтып өтті. Оқушылар өздерінің Жаңа жылдық мерекеге арналған концерттік бағдарламаларын көрермендерге паш етті. Концерттік бағдарламада оқушылар ән салып, флешмоб билеп, ойындар ұйымдастырды. Көрермендерді қызықтыру үшін ойындар ұйымдастырды.


сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DECnIaqMqzJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==